Есірткі қылмысының алдын алу: ШҚО полициясы хоккей жанкүйерлерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Есірткі қылмысының алдын алу: ШҚО полициясы хоккей жанкүйерлерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ірі хоккей алаңында ауқымды антинаркотикалық іс-шара өткізді. Акция Б. Александров атындағы Спорт сарайында өткен плей-офф кезеңінің маңызды ойынына орай ұйымдастырылды.

Профилактикалық іс-шара барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса назар аударды. Жанкүйерлерге психоактивті заттарды қолданудың медициналық және құқықтық салдары түсіндіріліп, өзекті құқықтық ақпарат қамтылған баспа материалдары таратылды.

Ақпараттық қамтуды кеңейту мақсатында Спорт сарайының әкімшілігі полиция бастамасын қолдап, матч үзілістерінде медиа-кубта есірткіге қарсы бейнероликтердің көрсетілуін ұйымдастырды.

Полиция мен спорт қауымдастығының бірлескен жұмысы қауіпсіз орта қалыптастыруға және азаматтардың есірткі қаупіне қарсы тұру мәселесінде белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған.

Шығыс Қазақстанда жастар арасында есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

 

ШҚО ДП баспасөз қызметі 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1173331?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version