Профилактикалық іс-шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Мамадалиевтің ұйымдастыруымен арнайы профилактикалық іс-шара өткізілді.

            Іс-шара барысында некеге тұруға мәжбүрлеу, оның ішінде ұрлау, қорқыту, қысым көрсету, бопсалау немесе күш қолдану арқылы жасалған әрекеттер – қылмыстық құқық бұзушылық және адам құқықтарының өрескел бұзылуы болып табылатыны, неке тек ерікті келісім негізінде ғана жасалатыны, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар немесе туыстардың пікірі зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеуді ақтамайтыны, адамның кез келген уақытта некеден бас тартуға құқылы екендігі жайлы талқыланды.

            Сонымен қатар, егер ұрлау немесе қысым көрсету қаупі болған, ұрлау немесе мәжбүрлеу әрекеті орын алған жағдайларда жасалатын іс-әрекеттер, құқық қорғау органдарына жүгіну, заң бойынша жауапкершілік, некеге тұруға мәжбүрлеу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны, ол үшін айыппұл салудан бастап бас бостандығынан айыруға дейін жазалар қолданалатыны және адам қудалауға, қысымға немесе зорлық-зомбылыққа төзуге міндетті еместігі жайында түсіндіру жүргізілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1173249?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version