Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері халық көп шоғырланатын орындардың бірі — Халыққа қызмет көрсету орталығында профилактикалық акция өткізді. Қала тұрғындарына ақпараттық брошюралар таратылып, цифрлық қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
«Бүгінде қылмыскерге бөтеннің қаражатын иемдену үшін бір ғана хабарлама немесе сілтеме жеткілікті. Біздің міндетіміз — алдын алу және қорғау», — деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Киберқылмыс пен интернет-алаяқтық ең кең таралған қауіптердің бірі болып қала беруде. Көбіне алаяқтар келесі тәсілдерді қолданады:
* Фишингтік хаттар — жеке мәліметтерді ұрлауға арналған жалған сілтемелер.
* Жалған хабарландырулар — тым төмен баға мен «ірі ұтыстар» туралы уәделер.
* Әлеуметтік желілердегі алаяқтық — мессенджерлердегі жалған аккаунттар арқылы ақша бопсалау.
* Инвестициялық схемалар — тез әрі оңай табыс табуға уәде беру.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды:
⚠️ Күдікті сілтемелерге өтпеуге;
⚠️ Жеке деректер мен растау кодтарын жарияламауға;
⚠️ Белгісіз шоттарға ақша аудармауға шақырады.
Есіңізде болсын: сіздің қауіпсіздігіңіз — өз қолыңызда. Қырағы болыңыз және жақындарыңызды да сақ болуға шақырыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1174025?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау