Санитариялық сою және эпизоотиялық қауіпсіздік

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін басқарма басшысы А.С.Бралиевтің Батыс Қазақстан облысындағы сою кәсіпорындарының өкілдерімен бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
 
Кездесу барысында ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау, сою объектілерінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жануарларды қабылдау және өткізу тәртібі, сондай-ақ ветеринариялық қызмет пен кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Негізгі мақсат – инфекцияның таралуына жол бермеу және өңірдің эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
 
Кездесу қорытындысы бойынша жұмысты жүйелеу және санитариялық іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеп, қол қою жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-veterinaria/press/news/details/1173599?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version