СҚО полицейлері 8 наурызды спорттық мерекемен қарсы алуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алғаш рет 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде әйел қызметкерлерге арналған ауқымды спорттық мереке ұйымдастырылды. «Береке» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде СҚО ПД бастығы Абай Жусупов өңірдің күштік құрылымдары арасындағы әйелдер командалары қатысқан волейбол жарысының ашылу рәсімін өткізді.

Мерекелік көңіл күй қалыптастыру мақсатында қатысушылар алдында СҚО ПД Мәдениет орталығының вокалдық тобы өнер көрсетті. Полиция полковнигі Абай Жусупов дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры, бокстан әлем және Еуропа чемпионы Жанат Жақияновқа, сондай-ақ халықаралық дәрежедегі спорт шебері, волейболдан Азия чемпионы Жанна Сыроежкинаға алғыс хаттар табыстады.

Облыстық полиция ведомствосының басшысы құқық қорғау органдарындағы әйелдер күн сайын өздерінің кәсібилігі мен жауапкершілігі арқылы ерлермен тең дәрежеде ең күрделі әрі жауапты міндеттерді орындай алатынын дәлелдеп келе жатқанын атап өтті. «Қазіргі қызмет жағдайында ұйымшылдық, командалық рух және өзара қолдау ерекше маңызға ие. Бұл қасиеттерді қалыптастыруда спорттың рөлі зор», — деді ол.

Жарысқа 12 команда қатысуда. Олардың қатарында облыстық полиция департаментінің, аудандық полиция бөлімдерінің, полиция басқармаларының және өзге де күштік құрылымдардың құрама командалары бар. Спорттық мереке 3–4 наурыз күндері өтеді. Ойындар қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі күтіп тұр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1174051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version