ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНЫҢ «МУЗАРТ» ҚОЙЫЛЫМЫ АЛМАТЫДАҒЫ РЕСПУБЛИКА САРАЙЫНДА САХНАЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«МузАРТ» тобының 25 жылдық шығармашылық жолына арналған мерейтойлық қойылым Алматыдағы Республика сарайында жоғары деңгейде сахналанды. Жаңа туындыны көпшілік назарына Түркістан музыкалық-драма театры ұсынды.
Кеш барысында халықтың сүйіспеншілігіне бөленген топтың қалыптасу жолы, өнердегі ізденістері мен толағай жетістіктері сахна тілімен көрініс тапты. Қойылым мазмұндық тереңдігімен, кәсіби шеберлігімен және көркемдік шешімімен ерекшеленді.
Мерейтой аясында көпшілікке кеңінен танымал әндер орындалып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
Айта кетейік, мерейтойлық қойылым 3 наурыз күні Талдықорған қаласында жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1173824?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version