ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНЫҢ «МУЗАРТ» ҚОЙЫЛЫМЫ АЛМАТЫДАҒЫ РЕСПУБЛИКА САРАЙЫНДА САХНАЛАНДЫ
«МузАРТ» тобының 25 жылдық шығармашылық жолына арналған мерейтойлық қойылым Алматыдағы Республика сарайында жоғары деңгейде сахналанды. Жаңа туындыны көпшілік назарына Түркістан музыкалық-драма театры ұсынды.
▪️Кеш барысында халықтың сүйіспеншілігіне бөленген топтың қалыптасу жолы, өнердегі ізденістері мен толағай жетістіктері сахна тілімен көрініс тапты. Қойылым мазмұндық тереңдігімен, кәсіби шеберлігімен және көркемдік шешімімен ерекшеленді.
▪️Мерейтой аясында көпшілікке кеңінен танымал әндер орындалып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
▪️Айта кетейік, мерейтойлық қойылым 3 наурыз күні Талдықорған қаласында жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1173736?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау