«ВОЛОНТЕР. ЗАҢ. ТӘРТІП. БОЛАШАҚ» ЖАСТАР ФОРУМЫ ОБЛЫС ЖАСТАРЫН БІРІКТІРДІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28 ақпанда  «BatyrMall» сауда-ойын-сауық орталығында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Халықаралық волонтерлік жылы шеңберінде «ВОЛОНТЕР. ЗАҢ. ТӘРТІП. БОЛАШАҚ» атты жастар форумы өтті.

Форумның мақсаты – жастар арасында Заң мен Тәртіп қағидаттарының маңыздылығын түсіндіру, қоғамдық пайдалы қызметке және волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысуға ынталандыру.

Іс-шара Жасанды интеллектпен әзірленген тақырыптық бейнероликтер көрсетілімін, облыстың белсенді жастарының қатысуын, сондай-ақ шығармашылық нөмірлерді қамтыды.

Форум барысында 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтық белсенділік пен құқықтық мәдениет мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға елдің қоғамдық-саяси өміріне саналы түрде қатысудың маңыздылығы, референдумның мәні және мемлекеттің болашағын қалыптастырудағы жастардың рөлі туралы түсіндірілді.

Кештің хедлайнері Kalifarniya, сондай-ақ форум бағдарламасында облыстың шығармашыл жастар жұлдыздары өнер көрсетіп, Форум жастарға арналған би кешімен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-inform/press/news/details/1173446?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version