Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалымен заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша онлайн семинар өткізілді.
Семинарға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшылары және қызметкерлері қатысты.
Департаменттің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Ғазиза Қуатқызы Сүлеймен медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары бойынша презентация жасап, талаптарын түсіндірді.
Департаменттің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Мақпал Жузбайқызы Баратова дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары бойынша презентация жасап, талаптарын түсіндірді.
Семинар қорытындысы бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты қызметкерлерінің бірқатар тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1173903?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау