2026 жылдың 02 наурызы күні «Аягөз ауданы білім бөлімі»ММ –нің оқу , ғылымыи, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 9-10 сынып оқушыларын арналған Жаулә Күшікұлы атындағы аудандық олимпиада өтті. Олимпиадаға химия пәні бойынша 25 оқушы , биология пәні бойынша 33 білім алушы қатысты. 9 сынып бойынша химия пәнінен 1 орынды «№7 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ –нің оқушысы Махмұд Іңкәр, 10 сынып бойынша «Қалалық қазақ мектеп-лицейі»КММ-нің оқушысы Мухаметкалиева Іңкәр алса, биология пәнінен 9 сынып бойынша 1 орынды «Сары-арқа жалры орта білім беретін мектебі»КММ –нің оқушысы Асхатова Кәусар, 10 сыныптан «№5 жалпы орта білім беретін мектебі»КМм-нің оқушысы Гадылова Дамира алды. 1 орын алған жеңімпаздарымыз 24-26 наурыз аралығында болатын облыстық кезеңге қатысады. Сәттілік тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1173790?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау