🔰 БӘЙДІБЕК: АУДАНДАҒЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫН ОРЫНДАУ ШАРАЛАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, Бәйдібек ауданында Департаментпен бекітілген «Түркістан облысы аумағында қызметкерлердің жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарының жасалуына “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес ауыл округтерінің әкімдері, жеке меншік балабақша басшылары, кәсіпкерлер, білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен кездесу өтті.
 
Кездесудегі кіріспе сөзді Бәйдібек ауданы әкімінің аппарат басшысы Әуен Фазылбек Мухаддасұлы бастап, одан әрі Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, мемлекеттік еңбек инспекторы Биділдә Ербол, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы өз баяндамаларын оқып, қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға заңға сәйкес жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1174910?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version