Үстіміздегі жылдың 3 наурыз күні Департаментпен бекітілген «Түркістан облысы аумағында қызметкерлердің жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарының жасалуына “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес кезекті кездесу Отырар ауданында өтті.
Кездесуге Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, мемлекеттік еңбек инспекторы Биділдә Ербол, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және Отырар ауданында орналасқан жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарын жасамаған кәсіпорын иелері, жеке меншік мектеп және балабақша өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Еңбек кодексіне 2026 жылы енгізілетін негізгі өзгерістер туралы Департаменттің бөлім басшысы Ғалымжан Сейдуәліұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлы және қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Серікбайұлы баяндама жасады.
Одан әрі, кездесуге қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды. Сонымен қатар, аудан әкімнің орынбасары Айдос Құлмаханұлы тарапынан құзырлы мекеме басшыларына көтерілген мәселелерді қатаң бақылауға алып, тиісті мерзімде орындалуын қадағалау бойынша тапсырма берілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау