Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 21 ақпан халықаралық ана тілі күніне орай “Тіл -достықтың кілті” дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Тіл – тек қатынас құралы ғана емес. Тіл – халықтың тарихы. Тіл – өркениетке барар жол. Ол мәдениет, табиғат, тарих, адамзаттың шығу тегін айқындауға мүмкіндік береді. Барлық тілдерді мойындау және құрметтеу әлемде бейбітшілікті сақтаудың кілті болып табылатындығы туралы баяндама оқып, сонымен қоса еліміздің 130-дан аса ұлт өкілдерінің өз ана тілі, дәстүрлері барын айтып өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1174272?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау