Абай облысында патрульдік полиция қызметкерлері 100-ге жуық мектеп оқушысына жол қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері №51 мектептің бастауыш сыныптың 100-ге жуық оқушысына жол қозғалысы ережелері бойынша профилактикалық сабақ өткізді.

Кездесу барысында полицейлер балаларға жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптарын түсіндіріп, жолды қауіпсіз кесіп өту қағидаларын, жол белгілерінің және бағдаршам сигналдарының маңызын еске салды. Жолда мұқияттылық пен тәртіпті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Іс-шара интерактивті форматта өтті: оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, қауіпсіз мінез-құлық ережелері бойынша білімдерін көрсетті.

Осындай профилактикалық кездесулер балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануын азайтуға және өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Абай облысының полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларға жол қозғалысы ережелерін күн сайын еске салып отыруға және жолда заңға бағынудың үлгісін көрсетуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1174912?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version