Семей қаласындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ар-намыс, батылдық, жеңіс» тақырыбында мазмұнды қауіпсіздік сабағы өтті. Іс-шараны ЖҚАЖ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Көшкінбаев Мейір өткізді.
Полиция аға лейтенанты жасөспірімдерге батылдық – тек күш көрсету емес, ең алдымен дұрыс шешім қабылдап, заңды құрметтеу екенін атап өтті. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу, жалған ақпарат пен арандатушылыққа ермеу, киберқауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нақты мысалдар келтірілді.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды жауап беріліп, еркін пікір алмасу алаңы қалыптасты. Сабақ соңында жас буынға заңға бағыну – нағыз жеңіс пен абыройдың бастауы екені жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1174921?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау