Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері Қазақстан Ауған соғысы ардагерлері одағы өкілдерімен және ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында елдік мәселелер, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлік жайы сөз болып, референдумның маңызы кеңінен талқыланды. Коалиция мүшелері ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен азаматтық ұстанымының қоғам үшін аса құнды екенін атап өтті.
Ардагерлер де өз кезегінде ел тағдырына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанда белсенділік таныту қажет екенін жеткізді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, өзара құрмет пен сенімге негізделген мазмұнды әңгімеге ұласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1174976?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау