АУЫЛДЫҢ ЕРТЕҢІ – БҮГІНГІ ТАҢДАУДАН БАСТАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       2026 жылғы 1 наурызда өткен сайлаудың қорытындысы негізінде сайланған Серікқали Шаттықұлы Сырымовты Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 4 наурыз күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бостан ауылдық округінің әкімі етіп тіркеді.

       Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары  Дүйсенбай Айтқалиұлы Атағараев сайланған әкімге Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлігін табыстады.

       Шара барысында Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы  Берекет Ерденбайұлы Ерденбаев сөз сөйлеп, көпшілік дауыспен жеңіске жеткен жаңа әкімді құттықтады.

       Серікқали Шаттықұлы – 1988 жылы дүниеге келген.

       2021 жылы – Шымкент университетін бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша аяқтаған. Отбасылы.

       Еңбек жолын 2008 жылы Жаңаөзен мектеп-лицейінде сызу пәні мұғалімі қызметінен бастаған.

       2015-2018 жж Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы № 24 «Айналайын» балабақшасы МКҚК-де бейнелеу өнері мұғалімі, 2018 жылдан бүгінге дейін «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» МКҚК-ның Бостан ауылдық мәдениет үйі меңгерушісі болып қызметін атқарды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1174571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version