2026 жылғы 4 наурызда Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне қатысты.
Іс-шара барысында азаматтарға еңбек заңнамасы, еңбек жағдайлары, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Өңір тұрғындары еңбек саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсініктеме ала алды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ашық диалогқа, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1174902?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау