БАЛГАНОВ ДАУРЕН СЫДЫКОВИЧ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласындағы «AMANAT» партиясының қалалық филиалында Балганов Даурен Сыдыкович аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік және ирригациялық арықтарға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Тұрғындардың әрбір өтініші мұқият тыңдалып, бірқатар сұрақтар бойынша сол жерде нақты жауаптар мен түсіндірмелер берілді. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.

Қабылдау аяқталғаннан кейін Балганов Даурен Сыдыкович Бейбітшілік көшесі бойындағы ирригациялық жүйенің жай-күйімен танысты. Аталған мәселе бойынша мердігер мекемеге ирригациялық арықтарды ретке келтіру және тиісті жұмыстарды сапалы жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1174335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version