Батыс Қазақстан облысында АТиСО Батыс Қазақстан академиялық колледжінің студенттерімен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері студенттерге есірткінің зияны, интернет-алаяқтықтың түрлері мен дропперлік туралы, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Заң талаптары мен қылмыстық жауапкершілік мәселелері кеңінен баяндалып, арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар, студенттер кинология және криминалистика қызметтерінің жұмысымен танысты. Мамандар қылмыс орын алған жағдайда атқарылатын іс-шараларды, дәлелдемелерді жинау тәсілдерін және қызметтік иттердің жұмысын көрсетті.
Мұндай шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1175091?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау