Маңғыстау облысына жұмыс сапары: санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік басымдықтары және инфрақұрылымды дамыту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысына жалғасқан жұмыс сапарының екінші күні аясында Комитет төрағасы С.Бейсенова Маңғыстау обаға қарсы станциясының және Ұлттық сараптама орталығы филиалының қызметімен танысты.

Аталған ұйымдардың ұжымдарымен, сондай-ақ Маңғыстау облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өтті. Кездесулер барысында 2025 жылғы және 2026 жылдың ағымдағы кезеңіндегі жұмыс қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Кадрлық қамтамасыз ету, жас мамандарды әлеуметтік қолдау, материалдық-техникалық базаны нығайту және инфрақұрылымды одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Негізгі бағыттардың қатарында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың профилактикасы, туберкулезбен және басқа да аса қауіпті инфекциялармен сырқаттанушылықты бақылау атап өтілді. Жазғы маусымға дайындықты күшейту, балалар демалысы нысандарына қадағалауды қамтамасыз ету, тамақтануды ұйымдастыру және тағамнан уланудың алдын алу бойынша тапсырмалар берілді.

Сапар қорытындысында Комитет төрағасы Ақтау халықаралық әуежайының санитариялық-карантиндік пунктінде болып, мамандардың жұмысымен және бөлімшенің жарақтандырылу деңгейімен танысты. Сондай-ақ әуежай әкімшілігінің басшылығымен кездесу өтіп, онда санитариялық-карантиндік пункт мамандары мен әуежай қызметтері арасындағы тиімді өзара іс-қимыл атап өтілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1174970?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version