Ережепбай Аружан Рахымжанқызы – Жамбыл облысының ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының Химия және металлургия өнеркәсібін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы. 2023 жылдан бері осы салада табысты қызмет атқарып келеді. Оның басты міндеті – қауіпті өндірістік объектілерде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және өндірістік апаттардың алдын алу. Әр тексеріс – жауапкершілік, әр шешім – адамдардың өмірі мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қосылған үлес. Кәсібилік пен ұқыптылықты басты қағида еткен Аружан Рахымжанқызы өндірістік қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға өз үлесін қосып, өңірдегі тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз ету жолында еңбек етуде.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1174196?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау