Референдум – мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді шешуде халықтың еркін білдіретін демократиялық тетік. Ол азаматтардың ел болашағына бейжай қарамай, өз ұстанымын ашық білдіруіне мүмкіндік береді. Мұндай үдеріс халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтып, азаматтық жауапкершілікті арттыра түседі.
Осыған орай ауыл тұрғындарының белсенділігін арттыру, елдік мәселелерге деген жауапкершілікті күшейту мақсатында ауылдық клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №74 мектеп ғимаратында «Ел тағдыры – өз қолымызда» атты концерттік бағдарлама өткізілді.
Іс-шара барысында өнерпаздар Е. Жаңабаев, М. Нұрлыбаев және клуб меңгерушісі Н. Есетов сахна төрінде өз өнерлерін ұсынып, көрермендердің ықыласына бөленді. Концерт мазмұны ел бірлігі мен тұрақтылығын дәріптеуге бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-zhanaqyrylys/press/news/details/1174511?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау