SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындады.
Рейспен Қазақстанға 314 адам, оның ішінде балалы жолаушылар жеткізілді.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдармен және әуе тасымалдаушылармен бірлесіп жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1174730?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау