ШҚО-да мал ұрлығының алдын алу шаралары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да мал ұрлығының алдын алу шаралары күшейтілді

Ағымдағы жылдың 3–5 наурыз аралығында облыс аумағында «Мал ұрысы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мал ұрлығы фактілерінің алдын алу және жолын кесу, осы санаттағы қылмыстарды анықтау және ашу, сондай-ақ ауылдық жерлерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларын және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөлік құралдарын олардың заңды шығу тегін және тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарының болуын тексеру мақсатында бақылауға алады.

Сонымен қатар, ет өнімдерін өткізетін базарлар, сауда нүктелері және өзге де орындар тексеріліп, заңсыз сауда фактілерін анықтау және қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылуын болдырмау бойынша шаралар қабылданады.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті тұрғындарға сақтық шараларын күшейтіп, малға тиісті бақылау жасап, шаруашылық мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуді ұсынады. Күдікті жағдайлар анықталған жағдайда дереу «102» арнасына хабарлау қажет.

ШҚО ДП баспасөз қызметі 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1174304?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version