ШҚО кәсіпкерлер палатасының Алтай аудандық филиалының директоры Жанар Ермаққызы Садықова «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы баяндама жасады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бағдарлама Қазақстанда бизнесті дамытуды қолдау және ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін іске қосылды. Бағдарлама ауылдық жерлердегі өмір сүру сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды, әлеуметтік қызметтерді және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған.
Бағдарламаның негізгі талаптары
Шағын несиелер өтініш берушілерге жеделдік, төлемділік, қайтарымдылық, кепілдік және мақсатты пайдалану қағидаттарына сәйкес келесі шарттар бойынша беріледі:
1) шағын несиенің мерзімі – ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес үшін 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы және өнімді өңдеу саласындағы жобалар үшін 7 (жеті) жылға дейін;
2) Шығыс Қазақстан облысының ауылдық елді мекендері мен шағын қалаларында жобаны іске асыру;
3) шағын несиенің максималды сомасы – 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін (10,812 млн. тг), сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары үшін – 8000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін (34,600 миллион теңге);
4) номиналды пайыздық мөлшерлеме – жылына 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;
5) кепілдік мүліктің болуы;
6) негізгі қарыз бен пайызды өтеудің жеңілдік кезеңі 12 (он екі) айдан аспауы тиіс;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелу;
8) мерзімі өткен салық берешегінің, атқарушылық іс жүргізудің болмауы, соңғы екі жылда коммерциялық банктер мен микроқаржы ұйымдарында 90 күннен аспайтын мерзімде төленбеген берешектің болмауы;
9) Әлеуетті қарыз алушылар үшін жас шектеулері: жеке тұлғалар (ЖК/ШҚ) үшін микронесиені аяқтау (қайтару) кезінде 21 жастан асқан және 63 жасқа толмаған.
Микронесие алуға өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының азаматтары, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке кәсіпкерлер/фермерлер және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері (АӨК) жатады.
Несие берудің негізгі бағыттары:
1)Мал шаруашщылығы:
 ірі қара малды жемдеу жобаларын іске асыру;
 сүтті-тауарлы фермаларды құру;
 ұсақ мүйізді малды өсіру;
 марал шаруашылығы;
 омарта шаруашылығ.
2)Өсімдік шаруашылығы
3)Балық шаруашылығы

4)Құс шаруашылығы (жұмысртқа бағытында)
5)Қаз өсіру
6)Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу;
7)Туризмды дамыту;
8) Жаңа, бұрын пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын, соның ішінде 1,8 текше метрге дейінгі күректі сыйымдылығы бар алдыңғы тиегішті сатып алу.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасының аясында шағын несие алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі критерийлері:
1) жобаның басым бағыттар бойынша сәйкестігі аудандық (ауылдық округтік) іріктеу негізінде анықталады және Ережелерде белгіленген тәртіппен расталады;
2) тұрақты жұмыс орындарын құру;
3) жоба тек аудан немесе шағын қала шегінде жүзеге асырылуы тиіс;
4) жеке тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада шағын несие алуға өтініш берген күні кемінде 12 (он екі) ай тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің болуы;
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қаланың орналасқан жерінде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу немесе қызметті бастау туралы хабарламаның болуы;
Кооперативтер үшін – жарғыда көрсетілген бір немесе бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыруға, соның ішінде басым бағыттар бойынша, егер олар бір ауылдық елді мекеннің аумағында құрылған болса;
5) бұрын пайдаланылмаған жаңа жабдықты сатып алу.
6) жабдықты тек уәкілетті дилерлерден, осы жабдықты сататын мамандандырылған бөлшек сауда нүктелерінен немесе тікелей өндірушілердің өздерінен немесе сертификатталған жеткізушілерден сатып алынған жағдайда ғана сатып алуға рұқсат етіледі.
12. Шағын несиелер келесі мақсаттарға берілмейді:
1) жеңіл көлік сатып алуға;
2) жақын туыстардан мал сатып алуға;
3) туристік және демалыс аймақтарында орналасқан және туристер мен демалушыларды уақытша орналастыруға арналған мүліктерді қоспағанда, кейіннен жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды және тұрғын үйлерді сатып алу және/немесе салуға,
4) көтерме және бөлшек саудаға.

“Ауыл аманаты” – бұл өз бизнесіңізді бастау, шаруашылықты кеңейту, жұмыс орындарын құру және отбасылық табысыңызды арттыру үшін нақты мүмкіндік.
Толық ақпарат алу үшін Алтай қаласы, Тәуелсіздік көш. 38 мекен-жайына хабарласа аласыз (дүйсенбі-жұма 8.00-17.00 сағ.)

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1174521?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version