Қиындықтар мен дағдарыстарды шығынсыз еңсеруге ШҚО ТЖД қызметкерлеріне тәжірибелі психолог көмектеседі. Жауапты қызметте көпшілік күткендей қатаң мінезді ер адам емес, өз ісіне адалдығы мен жанқиярлығы арқылы жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы атағына лайық екенін дәлелдеген нәзік жанды әйел еңбек етеді.
Ер адамдар көп ұжымға, Оксана Петрова 15 жыл бұрын келді. Ол кезде оның медбике болып жұмыс істеген тәжірибесі бар еді. Жаңа салада өзін сынап көруге деген ықылас оны жұмысын жалғастыра жүріп, психолог мамандығына оқуға түсуге және облыс орталығындағы түрлі ұйымдарға түйіндеме жіберуге итермеледі. Оксана үшін күтпеген шақырту ШҚО ТЖД-нен келді.
«Маған медицина әрдайым қызық болды. Бірақ сол кезеңде өзімді бұл мамандықта көрмедім. Ал психологияда өзімді сынап көру қызықты болды», – дейді Оксана.
Оның айтуынша, жаңа жағдайларға үйрену оңай болған жоқ. Бұған дейін ол тек әйелдер ұжымында жұмыс істеген, ал ТЖД-де ер адамдар ортасы өзара түсінісуде қиындық туғызды. Жаңа ұжымға бейімделу үшін өзімді тура мағынасында қайта қалыптастыруға тура келді. Бейімделуге құтқарушылармен бірге іздестіру жұмыстарына бірлесіп шығу көмектесті.
«Мені барлық сапарларға алып жүрді. Қызметкерлерді іс үстінде көріп, оларды жақсы түсіне бастадым. Олар да мені қабылдай бастады. Бірақ толықтай ұжымға сіңісу үшін сынақтан өтуім керек болды. Мен өз тесттерім бойынша диагностика жүргізгім келгенде, маған: «Әуелі өзің арқанмен альпинист сияқты көтеріліп-түс, содан кейін тесті тапсырамыз» деді. Нәтижесінде мен тік бағытта жұмыс істеуді үйрендім. Содан бәрі: «Біздің адам! деді», – деп күледі Оксана.
Құтқару қызметіндегі жылдар ішінде Оксана жақсы қызметкерге тән қасиеттердің тұтас тізімін қалыптастырды. Оның айтуынша, батылдық, стандарттан тыс жағдайда жылдам шешім қабылдау, командада жұмыс істеу, экстремалды ортаға бейімделу қажет. Іс жүзінде байқалғандай, орташа деңгей жеткілікті емес. Жоғары деңгейдегі жүйке-психикалық тұрақтылық аса маңызды, сондай-ақ коммуникативтік қабілеттер, логикалық ойлау қасиеттері» төтенше жағдай кезінде аса қажет деп түсіндірді-Оксана. Психолог ретінде Оксана Риддер қаласындағы орман өрті кезінде және 2018 жылы Глубокое және Алтай ауданының аумақтарындағы су тасқыны салдарын жою барысында зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге қатысты.
«ТЖД қызметіне келгісі келетіндерге айтарым – бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдау керек. Құтқарушы болу – нағыз миссия, бұдан бөлек, батыл әрі жалынды энтузиаст болу қажет. Тауларда, саяхатқа баратын орындарға төтенше жағдай орын алса, жедел жәрдем де жете алмайтын жерлерге тек құтқарушылар барады, осының барлығы сабырлық пен – ерік-жігерді қалыптастырудың бастамасы болып табылады», – дейді Оксана.
Қарбалас жұмыс күндерінен кейін Оксанаға демалуға оның тату-тәтті отбасы – жұбайы мен екі ұлы, сондай-ақ сүйікті хоббилері көмектеседі. Ол гүл өсірумен әуестенеді. Екінші құмарлығы – аквариум ұстаумен айналысады.
«Бір жарым жылдан бері үйімде 200 литрлік және 80 литрлік аквариум бар, ішінде тропикалық балықтар жүзеді. Тағы бір 10 литрлік аквариумда бақалар мен асшаяндар тіршілік етеді. Жолдасым айтады: Өзіңде екі-ақ демалыс күнің бар, ал сен аквариумдарыңды тазалаумен өткізесің дейді. Ал мен мұнда өзімнің шағын экожүйемді, үйлесімді микроәлемді көремін. Әрине, менің тұрғындарым да маған жауапсыз қалмайды», – деп күледі Оксана.
Оның айтуынша, осы 15 жылда ТЖД ол үшін жай ғана қызмет емес, толқынды ағындармен күресетін үлкен кеме іспетті: ол өзін толық түсіністік, қолдау мен өзара құрмет орнаған ұжымның маңызды мүшесі ретінде сезінеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1174609?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау