№5 көпсалалы гимназия базасында Жедел қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы полиция капитаны Жайдар Хасеновпен оқушылардың мотивациялық кездесуі өтті.
Шара «Спорт пен қызмет – табыстың қос қанаты» тақырыбында ашық форматта ұйымдастырылды. Кездесу барысында полиция офицері ішкі істер органдарындағы қызметті спортпен қатар алып жүру тәжірибесімен бөлісіп, тәртіп, мақсатқа ұмтылу және өз-өзін үнемі дамыту табысқа жетудің негізгі шарттары екенін атап өтті.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс орта таңдау және ата-ана мен ұстаздарды құрметтеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, патриоттық рухын нығайтуға және жеке дамуына оң ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1174893?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау