Туберкулездің алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Теміржол жөндеу» ЖШС – «ПМС Бірлік» филиалының жол монтерінде туберкулез жағдайының тіркелуіне байланысты 2026 жылғы 27 ақпанда Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары филиал қызметкерлерімен «Туберкулез: алдын алу шаралары және таралуының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында туберкулездің жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары түсіндірілді. Флюорографиялық тексеруден уақтылы өту, санитариялық талаптарды сақтау және иммунитетті күшейтудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша дәрістер оқылып, ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратылды. Қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар берілді. Мұндай іс-шаралар ұжымда аурудың таралуының алдын алуға және әр қызметкердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1174263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version