2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлытау облысы бойынша 6,4 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 5,6 млрд теңге көлемінде алды. 2024 жылмен салыстырғанда алушылар санының өсімі 5,3%-ды құрады.
Жалпы алғанда, көпбалалы отбасылар санының артуы балалары бар отбасылардың әлеуметтік қорғалуы деңгейінің жоғарылағанын көрсетеді және 4 және одан да көп бала тууға ынталандырады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 91-бабына сәйкес көпбалалы отбасына жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен ай сайын мынадай мөлшерде төленеді:
- төрт балаға – 16,03 АЕК (69 330 теңге);
- бес балаға – 20,04 АЕК (86 673 теңге);
- алты балаға – 24,05 АЕК (104 017 теңге);
- жеті балаға – 28,06 АЕК (121 360 теңге);
- сегіз және одан да көп балаға – әр балаға 4 АЕК (17 300 теңге).
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жәрдемақы алушылар саны 6 662 көпбалалы отбасын құрайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1174529?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау