🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ «АҚ-БҰЛАҚ» ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ МКК-НА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Департаментпен бекітілген тексеруді тағайындау актісіне сәйкес үстіміздегі жылдың 4 наурыз күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Түлкібас ауданындағы іс сапары барысында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты “Ақ-бұлақ” облыстық балалар оңалту орталығы” ШЖҚ МКК-на жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
Жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы мекеме қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалуы бойынша еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1175199?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version