28 ақпанда Қарағанды қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында дүниежүзілік мектеп форматы бойынша облыстық дебат турнирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28 ақпанда Қарағанды қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында дүниежүзілік мектеп форматы бойынша облыстық дебат турнирі өтті. Турнирге қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысты: қазақ лигасы: «Шапағат» командасы, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі (жетекшісі: А.Н. Казенова) және орыс лигасы: «Ника» командасы, Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы (жетекшісі: М.Б. Гарданова). Біздің командалар қаламыздың намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды: Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі — 2-орын, Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы — 3-орын. Оқушылар мен олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1175633?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version