Бүгін басқарма басшысы Е. Мизамбаев басқармада ұзақ жылдар қызмет атқарған, бүгінде зейнет демалысындағы аналарымыз бен аруларымызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен арнайы құттықтады.
Мереке қарсаңында ізгі тілегін жеткізіп, нәзік жандыларға көктемнің көркіндей әсем бір шоқ гүл табыстап, құрмет көрсетті. Бұл – олардың көп жылғы еңбегіне деген алғыс пен сыйластықтың белгісі.
Қадірлі аналарымыз бен аруларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарына амандық, бақ-береке тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/1175561?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау