Ағымдағы жылдың 4 наурызында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен әскери құрылымдарда қызылша ауруының алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңеске ҚР Қарулы күштерінің Санитариялық-эпидеиологиялық қызметінің, ҚР Қарулы күштерінiң Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының, ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5449 бөлімшесінің өкілдері қатысты.
Кеңеске қатысушылар қызылша ауруының алдын алу шараларын, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шаралар туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын орындау жолдарын талқылады.
Сондай-ақ, Әсел Тоқанқызы ауруының алдын алудағы ведомствоаралық әрекеттесудің маңызды екенін атап өтіп, әскери бөлімшелердегі жеке құрамдардың, оқу мекемелеріндегі курсанттардың арасында сақтық шараларын сақтау бойынша бірқатар ұсынымдар берді.
Бұдан бөлек Департамент өкілдері инфекциялық аурулармен күресте тәжірибе алмасу қажеттігін, қажет болған жағдайда әдістемелік-тәжірибелік көмек беруге дайын екендігін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1175334?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау