Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесі
- 1. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңі ү.ж. маусымның 17-і Тілдерді оқыту орталығында (Петропавл қ-сы, Кеншінбаев көшесі, 22) өтеді.
- 2. Байқаудың мақсаты авторлық бағдарламалары, ересектерге қазақ тілін тиімді үйрету әдістемелері бар оқытушыларды ынталандыру, қолдау және марапаттау.
- 3. Байқаудың міндеттері:
1) қазақ тілінің ортадан жоғары (В2) деңгейін меңгертудің үздік тәжірибесін анықтау;
2) оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
3) қазақ тілін меңгертудің озық авторлық бағдарламаларын тарату;
4) ересектерге мемлекеттік тілді үйрететін шығармашыл әлеуеті бар оқытушылардың бәсекелестік ортасын қалыптастыру;
5) оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру.
- 4. Байқау 3 кезеңнен тұрады:
1) Бірінші кезең. Өзін таныстыру.
2) Екінші кезең. Бұл кезеңде қатысушылар ұяшықтағы сұрақтардың біріне (сабақтың түріне анықтама беріңіз, талаптарын атаңыз; берілген әдістің анықтамасын айтыңыз, тиімділігін түсіндіріңіз) жауап береді.
3) Үшінші кезең. Байқауға қатысушы сөйлеу әрекетінің 4 түрін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) қолдана отыра, В2 деңгейіне арналған сабақ үлгісін көрсетеді. Панорамалық сабақтың көлемі 7 минут.
- 5. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
- Байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын оқытушылар арасында өткізіледі.
- Байқауға қатысуға өтінім қосымша берілген кесте бойынша қабылданады.
- Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байланыс телефондары: 8 (7152) 33-11-69, +77028660150.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеіне қатысуға өтінім
- Т.А.Ә. __________________________________________________
- Жасы ___________________________________________________
- Білімі___________________________________________________
- Қызметі__________________________________________________
- Мекенжайы______________________________________________
- Байланыс телефондары_____________________________________
- Қосымша ақпарат ________________________________________
Қолы
Күні
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esil-fks/press/news/details/1175439?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау