Айтылды – орындалды: Ақтауда автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында қала әкімі Әбілқайыр Байпақовтың тапсырмасына сәйкес жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, қала аумағындағы автомобиль жолдары, жол белгілері, қоғамдық көлік аялдамалары және жол жиегіндегі қоршаулар арнайы техникалардың көмегімен жуылып, тазартылуда. Бұл жұмыстар қаланың санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілерін жаңарту және қалпына келтіру, сондай-ақ суағар жүйелерін тазарту жұмыстары да қатар жүргізілуде.

– Аталған шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, қаланың барлық шағын аудандарын қамтитын болады, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айбек Жарылғас.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1175933?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version