25.02.2026 жылғы Амангелді аудандық мемлекеттік архиві маманы Олжағұлова Э.Б. Әлихан Бөкейханның 160-жылдығына орай Амангелді жалпы білім беретін мектебінің 6-шы сынып оқушыларына «Ұлт көсемі» атты тақырыбында оқу сабағын өткізді.
Оқушылар қазақтын мемлекет қайраткері, ұстаз, журналист және этнограф Әлихан Бөкейханның өмірбаянымен шығармашылығымен таныстырылды. Оларға Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың бүкіл өмірін қазақ халқының бостандығы мен саяси тәуелсіздігі үшін күреске арнағаны айтылды. Ол Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі болып саналады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1175845?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау