Ақтөбеде 2026 жылғы 5 наурызда Ақтөбе облысының прокуроры Марат Әбішев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиумы төрағасы Қанат Шарлапаевпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында облыс прокуроры кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Атап айтқанда, 2025 жылдан бері қабылданған шаралардың нәтижесінде шамамен 800-ге жуық кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды, 200-ден астам қадағалау актісі енгізілді.
Олардың нәтижесінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны және тексерулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін 76 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 54-і тәртіптік, 22-сі әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Сонымен қатар, Марат Әбішев жыл басында өңірде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған өңірлік іс-шаралар жоспарының қабылданғанын атап өтіп, оның іске асырылуы тұрақты бақылауда екенін жеткізді.
Өз кезегінде Қанат Шарлапаев адал бизнес үшін қолайлы құқықтық орта қалыптастыру мәселелерінде «Атамекен» ҰКП ашық әрі сындарлы диалогқа дайын екенін растап, алдағы уақытта ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1175756?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау