Статистикаға сәйкес, көліктердегі өрттердің саны үнемі өсіп келеді, ал салдарының ауырлығына байланысты мұндай оқиғалар жол-көлік оқиғаларынан кем түспейді. Қалада автокөліктер санының өсуіне байланысты, ондағы өрт саны да артып келеді. 2025 жылы облыс аумағында автокөлікте 142 өрт оқиғасы, 2026 жылдың өткен кезеңінде 26 жағдай тіркелді.
Өрттің ең көп саны жеке пайдаланудағы автомобильдермен байланысты. Автокөліктегі өрттердің негізгі себебі – электр сымдары мен электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы, отын жүйесінің ақаулығы, сондай-ақ ашық от көзінің қосылуынан болады.
Автокөліктің жануы – ең қауіпті жағдайлардың бірі. Қазіргі заманғы автомобильдердің құрамына кіретін материалдар oтқа нашар қарсы тұрады, нәтижесінде автомобиль бірнеше минут ішінде толығымен өртеніп кетуі мүмкін.
Автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелері мен жүргізушілерге мынадай кеңес беріледі:
– техникалық байқаудан уақытында өту;
– магнитоланы, дабыл жүйесін, қозғалтқышты іске қосу алдындағы жылытқышын тек мамандандырылған орталықтарда орнату;
– көлік салонында әрқашан өрт сөндіргіш құралы болуы керек;
– барлық электр жабдықтарының жарамдылығын бақылау қажет;
– қозғалтқыштың герметикалығын, сондай-ақ жарамдылығын бақылау;
– қозғалтқыш бөлігінде бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамаңыз;
– жанар-жағармай материалдарын тек ағып кетпейтін герметикалық ыдыстарда тасымалдау.
Егер газ отын ретінде пайдаланылса, онда газ жабдықтарын үнемі тексеріп отыру қажет.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – төтенше жағдайларда сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1175766?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау