8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағанды облысының Дін істері басқармасының басшысы Жанболат Сектай ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерін мерекемен құттықтады.
Кездесуде әйелдердің қоғамдық келісімді нығайтуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға және конфессияаралық диалогты дамытуға қосып жүрген үлесі атап өтілді.
Басқарма басшысы қатысушыларға еңбектері үшін алғыс айтып, денсаулық, амандық және кәсіби табыс тіледі. Іс-шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/1175940?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау