Білім мен ғылым – жаңарған Конституцияның басты бағдары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бурыл орта мектебінде еліміздің болашағын айқындайтын тарихи құжат – Конституциялық реформа бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында мектеп ұжымына жаңа Ата Заң жобасының басымдықтары мен білім беру саласына тигізер оң әсері егжей-тегжейлі баяндалды.
Ұстаздар қауымы үшін жаңа жобаның ең маңызды тұсы – адам капиталы, білім мен ғылымды, сондай-ақ инновацияны мемлекеттік саясаттың басты стратегиялық бағыты ретінде айқындауы.
Кездесуде айтылғандай, бұл жоба тек жоғары деңгейде ғана емес, бүкіл халық арасында кеңінен талқылануда. Бурыл орта мектебінің ұжымы құжатпен таныса келе, оның еліміздің прогрессивті дамуы үшін маңыздылығын терең түсініп, зор қолдау білдірді.
«Мұғалім – қоғамның қозғаушы күші. Жаңа Ата Заңда білім мен ғылымға басымдық берілуі біздің жұмысымызға жаңа серпін береді. Бұл – келер ұрпақтың сапалы білім алып, озық инновацияларды меңгеруінің құқықтық кепілі», – деді мектеп басшылығы.
Жиын соңында мектеп ұжымы алдағы жалпыхалықтық референдумның ел тағдыры үшін маңызы зор екенін, сондықтан оған біркісідей қатысу – әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті. Жаңа Конституция – ертеңгі жарқын болашаққа бастар сенімді қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1175767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version