Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 36-шы сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 5-наурыз күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында  Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 36-шы сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева жүргізді. Сессияға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжанов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов,  аудандық мәслихат депутаттары, тиісті сала басшылары және ауылдық округтер әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне төмендегіше мәселелер ұсынылды:

  1. «Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №35 «2026-2030 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданының даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне  толықтырулар енгізу туралы;

Хабарламашы: Абдуллина Р.Ш. – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

  1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы №35 «Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы №66 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысын бекіту туралы;

Хабарламашы: Бисекенов Н.Н. – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы;

  1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы №4 «Бөкей ордасы ауданы бойынша жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндгі конкурсты өткізу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысын бекіту туралы.

Хабарламашы: Бисекенов Н.Н. – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы.

    Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, аудандық мәслихат депутаттары ұсынылған мәселелердің шешімдерін бірауыздан бекітті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1175660?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version