Цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту шеңберінде Telegram мессенджерінде «@SalyqBot» чат-боты іске асырылып, тұрақты түрде жетілдірілуде.
@SalyqBot – жеке және заңды тұлғаларға салық және кеден мәселелері бойынша ақпаратты жедел алуға арналған цифрлық сервис.
Чат-бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді және тәулік бойы қолжетімді.
Сервистің негізгі мүмкіндіктері:
– салық берешегінің бар-жоғы туралы мәлімет алу;
– көлік құралдарына салынатын салықты және өсімпұл сомасын есептеу;
– есептілікті тапсыру және салықтарды төлеу мерзімдері көрсетілген салық күнтізбесіне қол жеткізу;
– банктік шоттардың бұғатталуы (тыйым салынуы) туралы хабарламалар алу;
– төленген сомалар туралы мәлімет алу (заңды тұлғалар үшін);
– салық және кеден заңнамасы бойынша анықтамалық ақпарат пен білім базасына қол жеткізу;
– оқыту материалдары мен бейне-нұсқаулықтармен танысу.
Чат-боттың білім базасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде қалыптастырылған. Бұл оператордың қатысуынсыз жиі қойылатын сұрақтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.
Қажет болған жағдайда пайдаланушы:
– алынған жауаптың сапасын бағалай алады;
– қосымша сұрақ қоя алады;
– операторға өтініш жолдай алады.
Пайдаланудың артықшылықтары
@SalyqBot қолдану:
– мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқартуға;
– мемлекеттік кірістер органдарына жеке баруды азайтуға;
– ресми дереккөзден өзекті ақпарат алуға;
– салық міндеттемелерін уақытылы орындауға мүмкіндік береді.
Жұмысты бастау үшін Telegram қосымшасына кіріп, іздеу жолына @SalyqBot атауын енгізіп, чат-ботты іске қосу қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1175816?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау