МАҢҒЫСТАУ – БАЯНДЫ БАҒЫТЫНА АВТОБУСТАР БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

МАҢҒЫСТАУ – БАЯНДЫ БАҒЫТЫНА АВТОБУСТАР БЕРІЛДІ

Мұнайлы ауданында қоғамдық көлік қызметін жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Тұрғындар тарапынан сұраныстың артуына байланысты, «Маңғыстау – Баянды – Маңғыстау» бағытындағы маршрут заманауи 5 дана «Yutong» маркалы автобустармен 100 пайызға жаңартылды. Аталған автобустар қызмет көрсетуші – жеке кәсіпкер Руслан Ахметнабиевтің қаражаты есебінен сатып алынып, пайдалануға берілді.

Жаңа техникалар жайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сай жабдықталған. Жаңа автобустар Баянды ауылы мен аудан орталығы – Маңғыстау ауылы арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Аудан әкімі өз сөзінде:
– Қоғамдық көлік паркін жаңарту – өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Жыл соңына дейін аудандағы барлық бағыттар бойынша автобустарды кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отыр, – деп атап өтті.

Аталған бағыт бекітілген сызбаға сәйкес, Маңғыстау ауылындағы ХҚКО аялдамасынан басталып, соңғы нүкте – Баянды ауыл әкімшілігі ғимараты жанындағы аялдамаға дейін қатынайды. Қызмет көрсетуші – жеке кәсіпкер «Ахметнабиев Р.С».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1175229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version