Маңғыстау облысының әкімі Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 5 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Аксуорси бастаған делегациямен кездесті.

Кездесуде өңірдің экономикалық дамуы, инвестициялық жобалар, көлік-логистика, инфрақұрылым, энергетика және экология салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Маңғыстау өңірінің транзиттік және логистикалық әлеуетіне тоқталып, Ақтау теңіз порты мен Құрық теңіз порты мүмкіндіктерін, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы өңірдің стратегиялық маңызын атап өтті. Сонымен қатар аталған салаларда айтарлықтай өсім бар екенін айтып, өңірге келген инвесторларға заң аясында қолдау көрсетілетінін жеткізді.

– Маңғыстау облысы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие. Біз Ұлыбритания компанияларымен ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға мүдделіміз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Өз кезегінде Елші Салли Аксуорси Маңғыстау өңірінің экономикалық әлеуетіне жоғары баға беріп, көлік-логистика, энергетика, IT, білім беру және жоғары технологиялар салаларында ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мен Ұлыбритания арасындағы сыртқы сауда айналымы 2,6 млн АҚШ долларын құрады. Өңірде британ капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 40 кәсіпорын жұмыс істейді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1175805?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version