«Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 5 наурызында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға облыстың және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 19 педагогы қатысты. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша:

І орын – Қабылбек Ақерке, Зайсан ауданы бойынша ББ «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ;

ІІ орын – Салық Серік, Катонқарағай ауданы бойынша ББ «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ;

ІІІ орын – Даниярбек Рай Керімбекұлы, Самар ауданы бойынша ББ «Мектеп- бөбекжай-балабақша кешені» КММ;

ІІІ орын – Седых Елена Петровна, Шемонаиха ауданы бойынша ББ «Ю.А.Гагарин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.  

Олимпиада жеңімпаздары (төрт педагогтан тұратын команда) ағымдағы жылдың 26-27 наурызында Түркістан қаласында өтетін республикалық «Математикалық регата» олимпиадасына қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1175656?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version