Қарқаралы ауданында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Руслан Айткенұлы Кенжебеков пен Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Марғұлан Топашұлы Аманбаев Қарқаралы ауданындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралап, дайындық жұмыстарымен танысты.

Жұмыс сапары барысында аудан басшыларымен бірге бірқатар елді мекендердегі қорғаныс бөгеттері, өзен арналарының жағдайы, сондай-ақ қарды, арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары қаралды.

Қаракөл ауылы
Өзен жағасының шайылуы мен құлауын болдырмау мақсатында және өзен арнасын тереңдету бойынша 300 метр аумақта жұмыстар жүргізілді.

Нұркен ауылы
Өзен жағасын бекіту жұмыстары (100 м) жүргізілді. Сонымен қатар Жаңатоған ауылдық округіне апаратын аудандық жолға қосымша су өткізгіш құбырлар орнатылды.

Қарқаралы қаласы
«Қарқаралы» өзенінің бастауындағы су бөгеті тексеріліп, өзен жағасын шайылудан қорғау мақсатында 400 метр аумақта жұмыстар жүргізілді.

Тегісшілдік ауылы
Өзен арнасын 1 шақырым қашықтықта тереңдету жұмыстары атқарылды.

Ынталы ауылы
Қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстардың барлығы су тасқынының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда.

сеннему паводковому периоду.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1175790?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version