Радиотелефонист Макпал Абдулкакова: адамдарға көмектесу – менің өмірлік ұстанымым

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мен әрқашан адамдарға көмектесуді қаладым, төтенше жағдайлар қызметінде бұл арманымды жүзеге асырып жүрмін», – деп атап өтті Макпал Абдулкакова, Риддер қаласы ТЖБ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі.

«ШҚО ТЖД қатарына мен 2025 жылы радиотелефонист лауазымына қабылдандым. Бұл мамандық сыпайы, төзімді әрі тәртіпті болуды талап етеді. Себебі ақпаратты сауатты әрі нақты жеткізу – адам өміріне тікелей әсер етеді. Бала кезімнен көмек көрсетумен байланысты кез келген жұмысты игі іс деп санаймын», – дейді Макпал.
«Қызметтік киім – абыроймен алып жүруі тиіс нышан. Алайда одан да маңыздысы – адамның іс-әрекеті мен ішкі жан дүниесі. Мен әрдайым адамдарға пайдалы болып, көмек көрсетуді армандадым».

«Алғашқы ірі өртім қызметке кіріскен алғашқы күнімде болды. Тохтаров көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер жанды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Жалын бесінші қабаттағы пәтерді шарпыды. Үйлесімді әрекеттердің арқасында өрт 30 шаршы метр аумақта тоқтатылып, тілсіз жаудың одан әрі таралуына жол берілмеді. Радиотелефонист ретінде мен де өрт сөндірушілермен бірлесе жұмыс істедім десем болады. Қоңырауды қабылдап, күштер мен құралдарды оқиға орнына бағыттадым, бөлімшелермен тұрақты радиобайланыс орнаттым, жағдай туралы ақпарат жинап, жеке құрамның жедел әрекет етуін қамтамасыз еттім», – деп бөлісті Риддер қаласы ТЖБ №1 МӨСБ радиотелефонисі.

«Қызметтен бос уақытымды отбасыммен бірге өткіземін. Спортпен белсенді айналысамыз. Өз мамандығымды жақсы көремін және таңдаған жолыма бір сәт те өкінген емеспін. Мен өз орнымды таптым деп есептеймін», – деді Макпал.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1175319?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version