Республикалық референдумға дайындық аясында Жаңасемей ауданының Шаған кентінде маңызды кездесулер өтті. Түсіндіру жұмыстарын Жаңасемей ауданы бойынша коалиция мүшесі С. Мұстафина «Шаған» теміржол станциясының еңбек ұжымымен және №24 орта мектептің мұғалімдерімен жүргізді.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен еліміздегі саяси реформалардың бағыт-бағдары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Теміржолшылар мен ұстаздар қауымы конституциялық өзгерістердің азаматтардың құқықтарын қорғау мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі рөлін талқылады.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар беріліп, ел болашағы үшін тарихи таңдау жасаудың маңыздылығы айтылды. Кент тұрғындары саяси науқанға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/1175900?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау