2026 жылдың 5 наурызында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Заңгер» заң консультанттары палатасының төрағасы Даурен Рахаделов Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті студенттерімен кездесуге қатысты.
Іс-шара облыстық коалиция мүшелері – Сейітбек Қуанышбаев пен Гүлмира Капенованың қатысуымен ашық диалог форматында өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызы болды.
Іс-шара қорытындысы бойынша кездесу және талқыланған бастамалар туралы ақпарат «Qostanai tany» газетінде де жарияланды.
https://kostanaytany.kz/qostanajda-stwdentterge-zhanga-konstitwciya-zhobasy-tanystyryldy/
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1175843?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау